Жолаушы тасымалдау қызметімен айналысатын жеке тұлғалар салық органында кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті

Жолаушы тасымалдау қызметімен айналысатын жеке тұлғалар салық органында кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті

 

 

            Соңғы кездерде ауданымызда, ауылдық округтерде жеке автокөліктерімен, жолаушы тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалардың қатары көбейе түсуде. Абай ауданы бойынша кірістер басқармасы жергілікті жерлерде жеке автокөліктерімен (газелдер) ақылы тасымалдау қызметімен айналысушаларды салықтандыру бағытында заң талабына сай кәсіпкер ретінде тіркеуді қалыптастыру мақсатында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде.

          «Салық органына дара кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі, салықтарды есептеу және төлеу жөнінде, кәсіпкер ретінде тіркелсе банкілерден кредит беріледі ме, пенсионерлер қанша салық төлейді, мүгедектерге қандай жеңілдіктер қарастырылған, қандай арнаулы салық режимі тиімді, кәсіпкер ретінде тіркелмей заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысатындарға қандай шара қолданылады» деген сауалдарға салық қызметкерлері тиісті жауаптарын беруде.

Жолаушы тасымалдаумен айналысатын жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннен соң салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің бір салық режимін таңдауға тиісті:

  • Патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • Оңайтылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

Жалпы патентке тоқталсақ, негізінен белгілі бір кәсіппен айналысуға құқық беретін құжат болып табылады.

            Ең бір негізгі тиімділігі кәсіпкердің әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі, яғни зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымын аудару арқылы зейнетақы, ауырған, я жұмыстан шыққан кезде әлеуметтік міндетті сақтандыру заңдарына сәйкес жәрдемақы ретінде өзіне қайтып төленетін қаражат. Патент құны жеке тұлғаның ай-сайынғы табыс табу мүмкіндігіне қатысты берген мәліметі негізінде анықталады.

            Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызмет бабында туындаған мәселелеріне байланысты қызметін уақытша тоқтату құқылығы қаралған, сондай-ақ кәсіпшілік кезінде жалпы табысы мәлімдеген табысынан азайып кеткен немесе көбейіп кеткен кезде, хронометраждық зерттеу арқылы, патент құнын азайту немесе көбейту реттіліктері қаралған.    

     Бүгінде осы бағытта жүргізілген семинар-кеңестер, кездесулерде кезінде өз-ара пікір алмасу, түсінісу нәтижесінде бірқатар жолаушы тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар белгіленген тәртіпте тіркеліп жатқанымен де бірсыпырасы әдейі түсініспеушілік танытып, тиісті режимде салығын төлеуден, тіркелуден бас тартып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып жүргендері анықталуда.

       Егер кәсіпкер ретінде тіркелмей, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-1 бабына сәйкес, жеке тұлғаларға акт-хаттама толтырылып, материалдар шешім қабылдау мақсатында сот органдарына жолданады. Егер осы жағдайда, жолаушы, жүк тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті сот шешімімен айқындалған жағдайда, оларға айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл және әкімшілік құқық бұзулық жасаудың заты (немесе) құралы тәркіленетіндігі қаралған.

       Осыған байланысты, Абай ауданы бойынша кірістер басқармасы, жолаушы, жүк тасымалдаумен айналысатындар, сондай-ақ, заң бойынша тіркелу арқылы кәсіпкерлікпен айналысуы қаралған басқа да жеке тұлғаларды салық төлеу міндеттілігіне қатысты өз борыштарын өз еріктерімен орындауға тиіс.

 

                                             Абай ауданы бойынша кірістер басқармасы.

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!