ДСҰ – КӘСІПКЕРЛІК САЛАҒА ДЕМ БЕРЕДІ

Үлкен ұйым үлкен мүмкіндік бастауы

ДСҰ – КӘСІПКЕРЛІК САЛАҒА ДЕМ БЕРЕДІ

 

Таяуда ғана еліміз үшін аса маңызды құжат қабылданып, мемлекетіміз 19 жылдан бері мүшелікке өте алмай келе жатқан дүниежүзілік сауда ұйымына енді. Бұл қадамға әрине құтты болсын дейміз! Десек те, кейбір саясаткерлер бұл ұйымның тиімді тұсын іздесе, енді бірі отандық кәсіпкерлердің әлі де бәсекеге қабілетсіздігін айтуда. Әйтседе, сарыла күткен қызу сауда алаңына да жол таптық. Нәтиже қандай болмақ, ұтарымыз не, ұтылар тұсымыз қандай? Не десек те, ендігі арада кәсіпкер қауымға белді бекем буып, бар ынта-жігермен жұмыс жасап, бәсекелестік қабілетін шыңдай түсу керек сыңайлы.

Ең алдымен дүниежүзілік сауда ұйымының тарихына аз-кем тоқталып өтсек. Аталмыш ұйым 1995 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастап, бүгінде құрамына 150-ден аса елдер мен Еуроодақты мүшелікке алған. Кезіндегі кеңестік елдерден ұйым қатарында бүгінде Балтық елдері, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина және Ресей бар. Ал, 1996 жылдан бері кіруге өтініш білдірген еліміздің сұранысы биылғы жылы ғана қанағаттандырылды. Әрине, бұл екіжақты келіссөздер мен құжаттар мәселесі түбегейлі реттелгеннен кейін ғана шешімін тауып отыр. Елбасы өз сөзінде 19 жыл күткен алып сауда ұйымына ашылған қақпа елдің экономикалық ілгерілеуіне септігін тигізетіндігін жеткізген еді. «ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл – еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар. Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Бірыңғай кедендік және экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздің тауар өндіретін кәсіпорындар жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бәсекеге сай болу керек», - деді Елбасы.

Осылайша іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндік алған мемлекетіміз эконоимкалық тұрғыдан жаңа белестерге жол салып, біздегі тауар шетел нарығына шығарылып, ал тұтынушылар үшін сырттан келген сапалы өнімдерге қол жеткізуге жол ашылды. Десе де тауарды таңдау тұтынушының өзіне ғана байланысты болмақ. Себебі саудада ешқандай кемсітушілік болмайтындықтан, бірде-бір мемлекеттің экспорт пен импортқа шектеу қоюға құқығы болмайтыны және тағы бар.

Жағымды болжам да жетерлік. Мәселен, үлкен сауда алаңында өз сөресін жайған еліміздің бұл бастамасы әсіресе шығыстықтар үшін қолайлы болмақ. Жоғарыда Елбасы атап көрсеткендей, мемлекетіміз жеке кәсіпкерлерімізді бизнестік бағытта қолдау мақсатында түрлі жеңілдіктер қарастырған болатын. Осыған орай ауыл шаруашылығына бейім ауданымыз да бұл бағдарламадан қалыс қалмай өз шаруашылықтарын дамыту үстінде. Себебі, экономикалық болжам бойынша ДСҰ-ға мүше елдер арасында мал өнімдеріне сұраныс жоғары. Ендігі арада өзімізде өсірілген төрт түліктен алынған шикізатты халықаралық сауда алаңына батыл ұсыну мүмкіндігі артады. Әсіресе талайдан бері қызметі қаңтарылып тұрған «Дерикар»ЖШС тері өңдеу цехының жұмысы да жанданады деп білеміз. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылығына тың серпін әкелер еді.

 

Тоғжан РАХЫМБЕКҚЫЗЫ,

«Абай елі»

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!