АСТАНАЛЫҚТАРҒА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Елордадағы ШҚО күндері

 

АСТАНАЛЫҚТАРҒА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

 

Осыдан біраз бұрын Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері өткен болатын. Аталмыш шара аясында Елорда төріндегі «Думан» ойын-сауық-орталығы мен «Мега» сауда кешенінің алдында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аймақтың өзге шаруаларымен қатар Абай ауданының азық-түлік өндірушілері де астаналықтарға өздері өндірген сапалы тауарларын арзан бағамен ұсынды.

Дәл осы күндері күн райының күрт өзгеруіне қарамастан жәрмеңкеге астаналықтар мол жиналды. Базаршылаған халық сауда-саттықты да қыздырды.

Арқа төсіне абайлықтардың сауда керуенін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Арнаұлы бастап барған болатын. Жәрмеңкеге барлық ауылдық округтердің әкімдері ат салысты. Ауылшаруашылық өнімдері арзан бағамен сатылған жәрмеңкеде тіпті, кейбір тауар түрлері әп-сәтте сатылып кетті. Мәселен, ірі қара және қой еті, Саржалдың қымызы, қайнатылған құрт, сары май, қатық сияқты өнімдерді алуға Астаналықтар ұсын-сонар кезекке тұрғанының куәгері болдық.

Жәрмеңкеде 1,2 тоннаға таяу жылқы еті, 200 келідей қазы, 1000 литр қымыз, 450 келі сары май, құрт, қатық, 180 кг. ірімшік, 270 литр қайнатылған құрт, ұн өнімдерінен 1350 дана тоқаш, 450 кг бауырсақ, 270 кг ши бауырсақ, 450 тал санзы саудаға шығарылған болатын. Балғын өнімдер қалалықтар назарын аударып, тәбеттерін де ашқаны анық.

Жәрмеңке сәнін аймағымыздағы көркем өнерпаздардың өнері әсем әуенмен әрледі. Елорда сахнасының төрінен жерлестеріміз, «Қаламқас» ән-би ансамблінің бұлбұлдары Нұрбек Өмірбек пен Жанат Хайсинаның өнерлерін де тамашалай алдық. Қорыта айтқанда, астаналықтар алғысына кенеліп қайттық.

Бір бұл емес, Абай ауданының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер алдағы уақытта облыс орталығы Өскемен қаласында өтетін жәрмеңкеге жол тартпақ.

 

Нұржан БАЙТӨС,

«Абай елі»,

Қарауыл- Астана-Қарауыл.

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!