Ардагерлер қозғалысына 30-жыл

 

  «Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең.Ауылыңда ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең»,- деген екен бабаларымыз. Иә, өткенімізді қарияларсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі бейбіт күнге жеткеніміз самайларын қырау шалып, жүздеріне уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің арқасы екені даусыз. Қазақ халқы қашан да қарттарын қазынаға теңеп, құрмет көрсеткен. Қазіргі кезде мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

      Осы орайда Ұлылардың мекені қарттарын төрге шығарып 1- қазан «Халықаралық қарттар күні» мен Республикалық ардагерлер қозғалысына 30 жыл толуына орай Аудандық мәдениет үйінде кең көлемде мерекелік іс-шараны атап өтті.

      Салтанатты мерекені бүгінде жоқ есіл ардагерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастау алып, сахна төріне Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Абай ауданының құрметті азаматы» Марат Түңлікбаев Халықаралық қарттар күні мерекесімен және Республикалық ардагерлер қозғалысына 30 жыл толуына орай баяндама жасап, жылы лебізін білдірді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Тәттібеков Бауыржан Болатұлы қазыналы қарияларымызды 1 қазан- халықаралық қарттар күні мерекесімен және Республикалық ардагерлер қозғалысына 30 жыл толуына орай Манатай Толғанбаев, Байбота Орынбаев, Шыңғыс Несібай, Жанғалиев Төлеген сыңды ардагерлерді ел дамуына үлес қосып, белсене қатысқан бірқатар аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, аудандық, облыстық және республикалық дәрежедегі марапаттарды табыстап, қарттарды мерекесімен құттықтады.

    Бүгінде ардагерлеріміз Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастарға патриоттық бағытта танымдық шаралар мен тәрбиелік мәні бар шаралар ұйымдастырып, атқарып жатқанына куә болып жүрміз.

     Сондай-ақ, «Ән – көңілдің ажары» демекші, қарттардың көңілін сергіткен «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің әншілері Қонысбек Байдашев, Тамара Көзбаева, Бақыт Шағатаева шырқаған туған жер, ана, әке, қарттар туралы әндерімен, өнерпаз ардагерлер: Ақылбек Нұрахметов, Серік Күсімханов, Дәкен Әлиасқаров, Нүргүл Құсайынов, Аманғали Мақаев, Әміре Жұқманұлы, Ақылбек Нұрахметов және «Нұр Сана» әжелер ансамблі, Абайдың « Көзімнің қарасы» әнімен ардагер ансаблі кеш ажарын аша түсті.Тәрбиелік мәні зор, әзілмен шындығын бейнелеген Көкбай ауылының көркемөнерпаздары «Қарттар үйі» скечін сахналады.

     Осыдан соң естелік фотосуретке түсіп, мерекелік жиын «Атамекен» тойханасында қарияларға арнайы жайылған ақ дастархан басында жалғасып,

өмірден көргені мен түйгені мол қариялар ізгі лебіздерін ортаға салып, салиқалы ойларымен бөлісіп, әсем ән тындап, бір сәт сергіп қалды.

    Келесі кезекте, Қарауыл ауылының әкімі Мейіржан Смағұлов абзал қариялар мен ақ жаулықты әжелерді ізгі тілегімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар Жастар орталығының директоры Сырым Жұмағали жастардың атынан ата-әжелерімізге алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады.

Осылайша көңілді өткен мерекелік шара соңы Манатай Толғанбаев қарияның көпшілікке бата беруімен тәмамдалып, қарттар қауымы ерекше қуанышпен тарасты.

Тоғжан НҮРИДЕНОВА

«Абай елі»

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!