Экономика

Даму рейтингісі

 

АЙМАҚТА ӨРКЕНДЕУ КӨШІН БАСТАП КЕЛЕМІЗ

 

Жуырда ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары бойынша он айлық көрсеткіш қорытындыланып, аймағымыздағы аудандар мен қалалар арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің рейтингісі жария етілді.

Әр алты ай сайын жекелеме салалар бойынша жетістіктер сараланып, балдық көрсеткішпен орындар еншіленетін рейтингілік сатыдан Абай ауданы соңғы орындарда қалып көрген емес. Бұл жайында осыған дейін де шүйіншілей хабарлап келеміз. Ал, соңғы көрсеткіш тіптен жоғары. Облысымыз бойынша 19 аудан мен қалалар арасында үздік үштіктің қатарына енген Абай елі әлеуметтік және экономикалық даму бойынша жоғары ұпайларымен 2-ші орынға тұрақтапты.

Сонымен даму қарқыны бойынша 1-ші орынға Аягөз ауданы, 2 орынға Абай ауданы, 3 орынға Курчатов қаласы, 4 орынға Ұлан ауданы және 5 орынға Тарбағатай аудандары табан тіреген екен. Өзге аудандар мен қалалар тиісінше төменгі орындарды еншілеп, экономикалық тұрғыдан әлсіздік танытыпты. Осыған дейінгі көрсеткіштерден төмен түспей, жоғары өрлеуіміз, мақсатты межеден өтуіміз – ауданымыздағы қарқынды істің жарқын көрінісі екені анық. Бұл еңбек жеңісі бір есептен басқару, ұйымдастыру жұмыстарын жемісті жүргізген жергілікті атқарушы билік пен шаруалардың қажырлылығының да айғағы. Елбасының өңірлерді қуаттандыру бағытындағы тапсырмаларын тыңғылықты орындауда аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтың да жемісті қызметін айтып өткен орынды.

Ауданымыздың алдағы бағындырар белестері тек биіктен болғай.

 

«Абай елі» ақпараты

Облыс орталығындағы брифинг

Тұрсынғазы Мүсәпірбеков:

ҚЫМЫЗ ИНДУСТРИЯСЫНДА ҮЛЕСІМІЗ БАСЫМ

 

Қарашаның 11-і күні Өскемен қаласындағы ШҚО ақпараттық орталығында Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Төлеубек Аманғазы да қатысты. Брифинг барысында ауданның бүгінгі даму қарқыны мен алдағы жылға жоспарланған бірқатар мәселелер сөз болды.

Баспасөз мәслихатын Абай ауданының дамуы мен атқарылған шаралар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, межелі жоспарлар туралы баяндамамен ашқан аудан әкімі Тұрсынғазы Жантұяқұлы ұлылар елінің тыныс-тіршілігіне кеңінен тоқталды. Әсіресе, Елбасының «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары аясындағы атқарылған шаралар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық өмірінде орын алған жаңалықтардан хабардар етті.

Аудан әкімі атап өткендей, ауыл шаруашылығы саласында атқарылған айшықты іс бар. Мәселен, мемлекеттік «Сыбаға», «Жайлау», «Құлан» бағдарламалары есебінен асыл тұқымды түлік санын еселеп арттырған шаруа қожалықтары көп. Асыл тұқымды малдың үлес салмағы 21 пайызға жетіпті. Аталмыш көрсеткіш бойынша, Абай ауданы бүкіл республикадағы өңірлер арасында 7-ші орында тұр. Сондай-ақ, тағы бір ерекшелік – тың бағыт өндіріс саласында да жандану байқалады. Атап айтсақ, үдемелі индустриялық жобалар қатарына кірген «ГРК Бөрлі» ЖШС «Мақсұт» кен орынында флотациялық тәсіл арқылы мыс қорыту мақсатымен кен байыту фабрикасының құрылысын жобалауда. Қорыта айтқанда, аудан өмірінің барлық салаларында да қарқынды іс бар.

Осыдан кейін аудандық мәслихат хатшысы Төлеубек Аманғазы сөз алып, кең көлемде аталып өткен Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы жайлы әңгімелеп өтті. Сондай-ақ, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Жидебай қорық-мұражайында бой көтерген халыққа қызмет көрсету орталығы туралы да сөз қозғады.

Осылайша, брифингтің жалғасы сұрақ-жауап бөліміне ойысты. «Атамекен» телеарнасының тілшісі Әсем Қайратбек аудан әкіміне қойған сауалында «мал шаруашылығы қарқын алған ауданда малдәрігері мамандарының жетіспеушілігі сезіле ме, мал сою алаңы жеткілікті ме?» деп сауал жолдады. Журналист өз сұрағында аудандағы туризм саласына да тоқталып, тарихи археологиялық ескерткіштердің сақталуы жайында да қызығушылық танытты.

Тілші сауалына жауап қайырған аудан әкімі малдәрігерлерінің тапшылығы бұрындары сезілгендігін, ал қазір Абай ауданындағы Кеңгірбай би ауылдық округіндегі «Абай колледжі» арқылы арнайы мамандарды оқыту, оларды жұмыспен қамту жолға қойылғандықтан бұл түйіткілді мәселе толық шешім тапқандығын жеткізді. Сондай-ақ, аудандағы мал сою алаңдары да өз жұмыстарын қарқынды атқарып, тіпті, ет өнімінің көлемді болуына байланысты шағын цехтардың қызмет атқарып тұрғандығын атап өтті. Аудандағы туризм саласы да кең өріс алған. Оған себеп, Орда тауының бөктерінде орналасқан этноауыл кешенінің күн өткен сайын халыққа көрсететін қызметінің артуы болып отыр. Мәселен, биыл аталмыш кешенде мүмкіндігі шектеулі балаларды емдейтін иппотерапия курсы жолға қойылды.

Облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Мұратхан Кенжеханұлы Шыңғыстау өңірінде сүт жинау пунктері жұмысының қалай жүргізіліп жатқанын сұраса, Өскемен қалалық «Менің өлкем» газетінің тілшісі Аян Өмірбаев аудандағы миграциялық жағдай, яғни халық санының өсімі толғандыратынын айтты.

Сауалдарға жауап қайырған аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков дәлелді түрде тұщымды мысалдар келтіріп өтті.

- Абай ауданында сүт өндіру көлемі аз. Оған себеп - жайылымның сүтті бағыттағы түліктер өсіруге сәйкес келмейтіндігінде. Алайда, облыс әкімі Даниал Ахметовтың сүт-тауарлы фермалар құру туралы тапсырмасы аясында біз қазір қымыз индустриясының дамуына екпін беріп отырмыз. Мәселен, Саржал ауылдық округінде бие сүтін қабылдайтын арнайы пункттер аштық. Қымыз ащытатын, автоматтандырылған цехтар жұмыс істеп тұр. Өндірілген сусын құтыға құйылып, арнайы сауда белгісі арқылы сатылымға шығарылады. Атап айтсақ, Өскемен, Қарағанды және Астана сияқты ірі қалалардың дүкендерінде сөрелерге қойылып сатылуда. Оған қосы ауданымызда бір шаруа қожалығы 22 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа несие рәсімдеп, арнайы қондырғы сатып алды. Алдағы уақытта ол цехтың да жұмысы іске қосылып, халықтан қосымша бие сүті жиналатын болады. Қазіргі уақытта Саржал ауылында жаз айларында күніне 5 тонна қымыз сыртқы саудаға шығарылады. Сол себепті біз қымыз өндіру пункттерін ашу мен жүйелендіру тұрғысынан қарқынды жұмыс атқарудамыз, - деп атап өтті аудан әкімі.

Ал халық санының өсіміне байланысты қойылған сұраққа аудан басшысы:

- Тұрғындар санының өсу көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 5 %-ға өсіп отыр. Туу көрсеткішін алатын болсақ, жоғарылап келе жатқанына көз жеткізуге болады. Мәселен, былтырғы жылы 176 сәби өмірге келіп 12,3% болса, биыл 13,3%-ды құрап 186-ға көтеріліп отыр. Табиғи өлім-жітім мәлесіне келетін болсақ, былтырғы жылы 8,1% болатын болса, ағымдағы жылы 8,3%. Ал ана өлімі соңғы екі жылда тіркелмеген. Жалпылама айтатын болсақ, соңғы үш жылда аудан халқы тұрақтанып, көшу үдерісі баяулап, керісінше қаладан ауданға көшіп келіп жатқандардың үлес салмағы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Ауданда 16 мың тұрғын бар, - деп қорытындылады.

Сондай-ақ, брифинг барысында журналистер назарына Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында түсірілген арнайы деректі фильм де ұсынылды.

 

Нұржан БАЙТӨС,

«Абай елі»

Қарауыл-Өскемен-Қарауыл

 

Елордадағы ШҚО күндері

 

АСТАНАЛЫҚТАРҒА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

 

Осыдан біраз бұрын Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері өткен болатын. Аталмыш шара аясында Елорда төріндегі «Думан» ойын-сауық-орталығы мен «Мега» сауда кешенінің алдында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аймақтың өзге шаруаларымен қатар Абай ауданының азық-түлік өндірушілері де астаналықтарға өздері өндірген сапалы тауарларын арзан бағамен ұсынды.

Дәл осы күндері күн райының күрт өзгеруіне қарамастан жәрмеңкеге астаналықтар мол жиналды. Базаршылаған халық сауда-саттықты да қыздырды.

Арқа төсіне абайлықтардың сауда керуенін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Арнаұлы бастап барған болатын. Жәрмеңкеге барлық ауылдық округтердің әкімдері ат салысты. Ауылшаруашылық өнімдері арзан бағамен сатылған жәрмеңкеде тіпті, кейбір тауар түрлері әп-сәтте сатылып кетті. Мәселен, ірі қара және қой еті, Саржалдың қымызы, қайнатылған құрт, сары май, қатық сияқты өнімдерді алуға Астаналықтар ұсын-сонар кезекке тұрғанының куәгері болдық.

Жәрмеңкеде 1,2 тоннаға таяу жылқы еті, 200 келідей қазы, 1000 литр қымыз, 450 келі сары май, құрт, қатық, 180 кг. ірімшік, 270 литр қайнатылған құрт, ұн өнімдерінен 1350 дана тоқаш, 450 кг бауырсақ, 270 кг ши бауырсақ, 450 тал санзы саудаға шығарылған болатын. Балғын өнімдер қалалықтар назарын аударып, тәбеттерін де ашқаны анық.

Жәрмеңке сәнін аймағымыздағы көркем өнерпаздардың өнері әсем әуенмен әрледі. Елорда сахнасының төрінен жерлестеріміз, «Қаламқас» ән-би ансамблінің бұлбұлдары Нұрбек Өмірбек пен Жанат Хайсинаның өнерлерін де тамашалай алдық. Қорыта айтқанда, астаналықтар алғысына кенеліп қайттық.

Бір бұл емес, Абай ауданының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер алдағы уақытта облыс орталығы Өскемен қаласында өтетін жәрмеңкеге жол тартпақ.

 

Нұржан БАЙТӨС,

«Абай елі»,

Қарауыл- Астана-Қарауыл.

Үлкен ұйым үлкен мүмкіндік бастауы

ДСҰ – КӘСІПКЕРЛІК САЛАҒА ДЕМ БЕРЕДІ

 

Таяуда ғана еліміз үшін аса маңызды құжат қабылданып, мемлекетіміз 19 жылдан бері мүшелікке өте алмай келе жатқан дүниежүзілік сауда ұйымына енді. Бұл қадамға әрине құтты болсын дейміз! Десек те, кейбір саясаткерлер бұл ұйымның тиімді тұсын іздесе, енді бірі отандық кәсіпкерлердің әлі де бәсекеге қабілетсіздігін айтуда. Әйтседе, сарыла күткен қызу сауда алаңына да жол таптық. Нәтиже қандай болмақ, ұтарымыз не, ұтылар тұсымыз қандай? Не десек те, ендігі арада кәсіпкер қауымға белді бекем буып, бар ынта-жігермен жұмыс жасап, бәсекелестік қабілетін шыңдай түсу керек сыңайлы.

Ең алдымен дүниежүзілік сауда ұйымының тарихына аз-кем тоқталып өтсек. Аталмыш ұйым 1995 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастап, бүгінде құрамына 150-ден аса елдер мен Еуроодақты мүшелікке алған. Кезіндегі кеңестік елдерден ұйым қатарында бүгінде Балтық елдері, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина және Ресей бар. Ал, 1996 жылдан бері кіруге өтініш білдірген еліміздің сұранысы биылғы жылы ғана қанағаттандырылды. Әрине, бұл екіжақты келіссөздер мен құжаттар мәселесі түбегейлі реттелгеннен кейін ғана шешімін тауып отыр. Елбасы өз сөзінде 19 жыл күткен алып сауда ұйымына ашылған қақпа елдің экономикалық ілгерілеуіне септігін тигізетіндігін жеткізген еді. «ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл – еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар. Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Бірыңғай кедендік және экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздің тауар өндіретін кәсіпорындар жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бәсекеге сай болу керек», - деді Елбасы.

Осылайша іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндік алған мемлекетіміз эконоимкалық тұрғыдан жаңа белестерге жол салып, біздегі тауар шетел нарығына шығарылып, ал тұтынушылар үшін сырттан келген сапалы өнімдерге қол жеткізуге жол ашылды. Десе де тауарды таңдау тұтынушының өзіне ғана байланысты болмақ. Себебі саудада ешқандай кемсітушілік болмайтындықтан, бірде-бір мемлекеттің экспорт пен импортқа шектеу қоюға құқығы болмайтыны және тағы бар.

Жағымды болжам да жетерлік. Мәселен, үлкен сауда алаңында өз сөресін жайған еліміздің бұл бастамасы әсіресе шығыстықтар үшін қолайлы болмақ. Жоғарыда Елбасы атап көрсеткендей, мемлекетіміз жеке кәсіпкерлерімізді бизнестік бағытта қолдау мақсатында түрлі жеңілдіктер қарастырған болатын. Осыған орай ауыл шаруашылығына бейім ауданымыз да бұл бағдарламадан қалыс қалмай өз шаруашылықтарын дамыту үстінде. Себебі, экономикалық болжам бойынша ДСҰ-ға мүше елдер арасында мал өнімдеріне сұраныс жоғары. Ендігі арада өзімізде өсірілген төрт түліктен алынған шикізатты халықаралық сауда алаңына батыл ұсыну мүмкіндігі артады. Әсіресе талайдан бері қызметі қаңтарылып тұрған «Дерикар»ЖШС тері өңдеу цехының жұмысы да жанданады деп білеміз. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылығына тың серпін әкелер еді.

 

Тоғжан РАХЫМБЕКҚЫЗЫ,

«Абай елі»

Жолаушы тасымалдау қызметімен айналысатын жеке тұлғалар салық органында кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті

 

 

            Соңғы кездерде ауданымызда, ауылдық округтерде жеке автокөліктерімен, жолаушы тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалардың қатары көбейе түсуде. Абай ауданы бойынша кірістер басқармасы жергілікті жерлерде жеке автокөліктерімен (газелдер) ақылы тасымалдау қызметімен айналысушаларды салықтандыру бағытында заң талабына сай кәсіпкер ретінде тіркеуді қалыптастыру мақсатында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде.

          «Салық органына дара кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі, салықтарды есептеу және төлеу жөнінде, кәсіпкер ретінде тіркелсе банкілерден кредит беріледі ме, пенсионерлер қанша салық төлейді, мүгедектерге қандай жеңілдіктер қарастырылған, қандай арнаулы салық режимі тиімді, кәсіпкер ретінде тіркелмей заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысатындарға қандай шара қолданылады» деген сауалдарға салық қызметкерлері тиісті жауаптарын беруде.

Жолаушы тасымалдаумен айналысатын жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннен соң салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің бір салық режимін таңдауға тиісті:

  • Патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • Оңайтылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

Жалпы патентке тоқталсақ, негізінен белгілі бір кәсіппен айналысуға құқық беретін құжат болып табылады.

            Ең бір негізгі тиімділігі кәсіпкердің әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі, яғни зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымын аудару арқылы зейнетақы, ауырған, я жұмыстан шыққан кезде әлеуметтік міндетті сақтандыру заңдарына сәйкес жәрдемақы ретінде өзіне қайтып төленетін қаражат. Патент құны жеке тұлғаның ай-сайынғы табыс табу мүмкіндігіне қатысты берген мәліметі негізінде анықталады.

            Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызмет бабында туындаған мәселелеріне байланысты қызметін уақытша тоқтату құқылығы қаралған, сондай-ақ кәсіпшілік кезінде жалпы табысы мәлімдеген табысынан азайып кеткен немесе көбейіп кеткен кезде, хронометраждық зерттеу арқылы, патент құнын азайту немесе көбейту реттіліктері қаралған.    

     Бүгінде осы бағытта жүргізілген семинар-кеңестер, кездесулерде кезінде өз-ара пікір алмасу, түсінісу нәтижесінде бірқатар жолаушы тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар белгіленген тәртіпте тіркеліп жатқанымен де бірсыпырасы әдейі түсініспеушілік танытып, тиісті режимде салығын төлеуден, тіркелуден бас тартып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып жүргендері анықталуда.

       Егер кәсіпкер ретінде тіркелмей, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-1 бабына сәйкес, жеке тұлғаларға акт-хаттама толтырылып, материалдар шешім қабылдау мақсатында сот органдарына жолданады. Егер осы жағдайда, жолаушы, жүк тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті сот шешімімен айқындалған жағдайда, оларға айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл және әкімшілік құқық бұзулық жасаудың заты (немесе) құралы тәркіленетіндігі қаралған.

       Осыған байланысты, Абай ауданы бойынша кірістер басқармасы, жолаушы, жүк тасымалдаумен айналысатындар, сондай-ақ, заң бойынша тіркелу арқылы кәсіпкерлікпен айналысуы қаралған басқа да жеке тұлғаларды салық төлеу міндеттілігіне қатысты өз борыштарын өз еріктерімен орындауға тиіс.

 

                                             Абай ауданы бойынша кірістер басқармасы.

         «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясы                

 

    Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы аумағында 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында жалпы республикалық «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясының мамыр айының 1-ші турын өткізді. Жалпы акцияға қатысқан адамдар саны -17 адам. Жеңімпаз болып №11 купон иегері Смагулова Гульмира Какимовна анықталды. Жеңімпаз Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының Алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен (электр ет тартқышымен) марапатталды. Жеңімпаз Смагулова Гульмира Какимовнаға 05 маусым 2015 жылы сағат 10.00-де Өскемен қаласында ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментында акциянын 2-ші туры өтетіндігі жөнінде хабарланды.

       Сонымен қатар, «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясының 2015 жылдың 30 қарашасына дейін өткізілетіндігін хабарлаймыз.

 

                         Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Даму даңғылында

ҰЛЫЛАР ЕЛІ ҮЗДІК ҮШТІКТЕ!

         Жуырда 2015 жылдың басынан бүгінгі күнге дейінгі Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының әлеуметтік – экономикалық даму серпіні бойынша ішкі өңірлік талдау көрсеткіші жария етілді. Нәтижесінде Абай ауданы жетістігі жоғары алғашқы үштік қатарынан орын алды.

 

Даму қарқыны жоғары аймақтар:

Аягөз ауданы

Курчатов қаласы

Абай ауданы

 

Даму қарқыны орташа аймақтар:

Ұлан ауданы

Өскемен қаласы

Катонқарағай ауданы

Тарбағатай ауданы

Бесқарағай ауданы

Күршім ауданы

Жарма ауданы

Семей қаласы

Бородулиха ауданы

Глубокое ауданы

Үржар ауданы

Көкпекті ауданы

 

Даму қарқыны төмен аймақтар:

Риддер қаласы

Зырян ауданы

Шемонайха ауданы

Зайсан ауданы

Бұл бастама электроэнергияны пайдалануға жалпыұлттық бақылау жасау жоспарының аясында жүзеге асырылуда. Аталған жсопар елдегі электр тұтынушыларының жоғары сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған. Соңғы уақытта Венесуэлада аптап ыстық орын алғандықтан, халық жаппай кондиционерлер қолданып жатыр.

Енді жекеменшік компаниялар өздерінің генераторларын пайдалануы тиіс. Ал, жұмысшылардың күніне небәрі 5,5 сағат жұмыс істеуі қай уақытқа дейін созылатыны белгісіз. 

Page 1 of 2

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!