Техника

Америкалық Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылары, ендігі кезекте өз аккаунтарын “алай-бұлай” болып кеткен жағдайды иелік етіп қалатын мұрагер тағайындауға мүмкүншілік алды. Бұндай мүмкүншілік әзірше тек АҚШ еліне ғана ашылып отыр. Алайда компания жауаптыларының хабарлауынша, жақын арада бүкіл әлемге таралады-мыс.

Аккаунттың жаңа иесі, бұрынғы иесінің фотоларына иелік ете алады және жаңа достар қосып, не өшіре алады. Алайда бұрынғы иесінің жазып кеткен немесе әңгімелескен хабарламаларды қарай алмайды, оған рұқсат жоқ.

Аккаунтқа иелік ету  үшін, қайтыс болған адамның туысы немесе жақын адамы өтініш тастағаннан кейін ғана компания тарапынан қаралынатын болады. Егер қолданушы шын мәнісінде қайтыс болғаны анықталса немесе біраз уақыт белсенділік байқалмаса автоматты түрде туысына беріледі. Осылайша Facebook иесіз қалған аккаунттар санын біртіндеп жойғысы келеді екен.

Аккаунтты кімге қалдырғың келетінін “Қауіпсіздікті баптау” бөліміне өтіп, ондағы “legacy contact” параметрін өзгертсеңіз жетіп жатыр.

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар