Сәрсенбі, 07 Қазан 2015 00:00

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Автор 
Бағалау
(0 Дауыс)

Құрмет

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 1-қазан күні Қарттар мерекесіне орай аймақ қарттарын қабылдаған болатын. Облыс орталығы Өскемен қаласында мерекеге орай ұйымдастырылған арнайы салтанатты шараға барлық аудандар мен қалалардан қазыналы қариялар қатысты. Аймақ басшысы салтанатты шарада қарттарды Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап өтіп, «Өнегелі өмір иесі» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

– Баршаларыңызды шын жүректен осынау мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жастарға өнегелі тәрбие беріп, еліміздің іргетасын қалауда аянбай еңбек еткендеріңіз үшін облыс халқының атынан сіздерге бас иіп, алғысымды білдіремін. Сіздер еліміздің мақтанышысыздар, – деді өңір басшысы Даниал Ахметов өз құттықтау сөзінде.

Жылдағы дәстүрге сай өткізілетін осы шараға Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Түңлікбаев, қарт журналист, еңбек адамы Майсары Рақышев, «Нұр-Сана» салт-дәстүр орталығының төрайымы Қаныша Нұрғалиева сынды Абай ауданының қазыналы қарттары да арнайы барып қатысып қайтқан болатын.

Шара барысында облыс бойынша қарттар арасында жарияланған «Өнегелі өмір иесі» атты байқаудың қорытындысы жарияланып, 7 номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды. Марапатталушылардың қатарында жерлесіміз бар. Атап айтсақ, өмірі өнегеге толы, имандылықты ту еткен абзал ана Қаныша Нұрғалиева «Үлкенге-ізет, жасқа-жол» аталымы бойынша ІІІ-орынды иеленді.

- Бұл тек маған емес, күллі Абай елінің ақ жаулықты аналарына берілген құрмет деп білемін. Қарттар күніне орай аталмыш номинация иегері атанғаным - осынау жылдар аралығындағы ұрпақ тәрбиесіне, оларды қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулып келе жатқан біздің салт-дәстүр орталығының жемісінің нәтижесі, - дейді бізге пікір білдірген жеңімпаз әжеміз.

Абай елінің қариялары салтанатты рәсімнен кейін концерттік бағдарламаны тамашалап, осынау салтанатты шарадан зор әсермен оралды. Қарттарымыз аймақ басшысының өздеріне көрсеткен зор құрметіне дән риза. Осындай шежірелі де қазыналы қарияларымыз біз үшін де зор мақтаныш екені анық. Олардың қоғамға сіңіріп жатқан еңбектері өскелең ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге көзі.

«Абай елі» ақпараты

 

 

 

Оқылды 1055 рет
Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!