Бейсенбі, 04 Маусым 2015 00:00

«ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ» АТАНДЫ

Автор 
Бағалау
(0 Дауыс)

Республикалық байқаудың облыстық кезеңі      

                      

«ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ» АТАНДЫ

 

Мамырдың 21 күні облыстық білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Үздік педагог - 2015» республикалық байқауының облыстық кезеңі Зырян қаласында ұйымдастырылды.  

Байқау мақсаты мен міндеттері - шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби салада жоғары жетістіктерге жеткен педагогтардың іс-тәжірибесін насихаттау арқылы ұстаз мәртебесін көтеру. Сондай-ақ, оқыту мен тәрбиеде кең мүмкіндіктер беретін озық педагогикалық идеялар мен жаңалықтар іздеу болатын. Аталмыш байқауға облысымыздың барлық аудандары мен Семей, Өскемен қалаларының білім мекемелерінен 19 озық педагог қатысты.

Ал Абай елі бойынша, үш кезеңнен тұратын байқауға кәсіби салада жоғары жетістіктерге жетіп жүрген Абай мектеп-лицейінің жоғары санатты химия пәні мұғалімі Тұрсынбекова Аққайша Ботағазықызы қатысты. Осыған дейін жаңашыл бағыт, шығармашылық ізденістерімен танылып жүрген ұстаз шара барысында өз іс-тәжірибесін бейнефильм арқылы көрсетті. Атап айтсақ, өзін-өзі таныстырып, электрондық портфолиосын қорғады. Нәтижесінде, Аққайша Ботағазықызына қазылар алқасы тарапынан жоғары баға берілді. Сөйтіп, жерлесіміз «Жаңашыл педагог» аталымының иегері атанып, бағалы сыйлық тарту етілді. Ұстазды жаңа жеңісімен біз де шын жүректен құттықтаймыз.

Сөз соңында айта кетелік, «Шығыс» өңірлік орталығынан «Үздік педагог - 2015» атты арнайы кітапша жарық көріп, оған байқаудың барлық қатысушылары жайлы мәлімет енгізілді.

 

«Абай елі» ақпараты

 

Оқылды 5056 рет Соңғы өзгеріс Бейсенбі, 04 Маусым 2015 06:06
Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!