Жолдау жол жол нұсқайды

Жолдау жол жол нұсқайды (5)

Сейсенбі, 03 Мамыр 2016 00:00

Ұлт жоспары - "100 нақты қадам"

Автор

Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы

100 нақты қадамы айқындалған.
 «100 нақты қадам» елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем­лекеттілігін нығайтуға, жолдан адас­пауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.
Ұлт Жоспарында сондай-ақ азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру (16-қадам), судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту (17-қадам), «Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінуі керек» (18-қадам) деген міндеттер қойылған.
       Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқа­ры­лып жатқаны белгілі. Осы орайда Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту; судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау және т.б. мәселелер Ұлт Жоспарының 19-қадамында көрсетіліп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Құжаттың 20, 21, 22-қадамдары сот саласына арналған.
        Инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру; Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында «aifc» халықаралық арбитраждық орталығын құру; шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру; Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық дау­лар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту және т.б. маңызды мәсе­лелер Ұлт Жоспарының 23, 24, 25, 26, 27, 28-қадамдарында көрініс тапқа­нын айта кеткеніміз жөн. Аталған міндеттердің жүзеге асырылуы ел келешегінің кемел болашағының жарқын болуына негіз болары сөзсіз. Мемлекет басшысы ұсынып отырған Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамына енген: «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату», Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идея­сын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру; «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру және т.б. міндеттер кеңінен атап көрсетілген.
«Іске асыру тетігі» деп аталатын бөлімде бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту жөніндегі Ұлттық Комиссия құрылғаны туралы айтылған. Ұлттық комиссия бес инс­титуттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы, тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жоспарын айқындауы тиіс екені және өзге де жайттар атап көрсетілген.

 Абай аудандық әділет

басқармасының басшысы

А.Махметов

Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 00:00

ЖОЛДАУ – САМҒАУ КЕПІЛІ

Автор

                     ЖОЛДАУ – САМҒАУ КЕПІЛІ

 

Дүние дүрбелеңге толы. Алақандай жер бетінің о шеті мен бұл шетінен күнде бір дау-жанжал «бұрқ» ете түседі. «Қалталылардың» қақтығысы өрттей өршіп барады. Қаншама жазықсыз халық осы жанжалдың құрбаны болып жатыр. «Тәуекелге бармай тәубаға келейік, достастайық» дейтін алпауыт мемлекеттер жоқ. «Әлің жетсе, көріп ал!» деп, әлімжеттік танытады. От оранған туған жер, сүйікті отанын тастай қашып, жан сауғалаған босқындарды көргенде жанарыңа жас үйіріледі.

            Аллаға шүкір, біздің ел ниет-ықыласына қарай шығар, оттан да, оқтан да аман. Жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс мекендеген байтақ Қазақстанымыздың аспаны ашық, жері мен елі тыныш. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дейтіндей баянды да, бақытты ғұмыр кешудеміз. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығының арқасында, сындарлы, салиқалы саясатының нәтижесінде еліміз өркендеп, жеріміз гүлденіп жатыр.

            Бүкіл жер шарының қазақ деген халықты танып, білуі, оған сүйсіне де қызыға қарауы, көреген басшысын бағалауы біз үшін үлкен мәртебе, зор қуаныш. Америка, Қытай, Ресей, Италия, Бельгия, Германия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия сынды алпауыт елдердің Президенттері қазақ елінің басшысын құрметтеп, сыйлап, ақылын тыңдап, өзара ымыраға келіп жатқанда, төбеміз көкке жеткендей болады.

            Ендеше, біздің бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ. Сол бақытты басымыздан ұшырып алмауымыз керек. Бүкіл әлемде болып жатқан экономикалық қиыншылықтардың бізді де айналып өтуі мүмкін емес. Тапшылық, қымбатшылық сынды уақытша құбылыстардың болуы да ықтимал. Мұны Елбасымыз өзінің жақында ғана халқына арнаған Жолдауында бүкпесіз ашып айтты. Тегінде, қазақ – шыдамды халық. Ұрпақ қамын алыстан ойлайтын, ұрыс-жанжалды жаны сүймейтін бабаларымыз «Берекелі болса ел, жағасы жайлау ол бір көл» деген қиғиданы ешқашан естерінен шығарған емес.

            Елбасының жаңа Жолдауын көппен бірге мен де оқып шықтым. Сондағы ойға түйгенім - Жолдау талдау емес, тыңдау, самғау кепілі. Бұл Жолдау осыдан біраз бұрын алға қойылған «100 нақты қадамды» жүзеге асырудың нақты жолдары, «Мәңгілік ел болудың» мәнді жалғасы!

            Біз қарт адамдармыз. Бізге елдің болашағының береке-бірлекте болуы ауадай қажет. Шамамыз келгенше, ел үшін еңбек еттік. Сол елдің арқасында қадір-қасиетке ие болып, абырой, алғысын арқаладық. Сондағы біздің де мақсатымыз қазақ деген халықтың қалың ұрпағының келешегін келісті етіп, бақытын көру еді. Елбасы Жолдауының ең басты мақсат-мұраты да осы.

 

Хафиз МАТАЕВ,

Абай ауданының және Семей қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері.

 

«100 нақты қадам» – Мәңгілік Ел болу жолындағы ұмтылыс

«100 нақты қадам» Ұлт жос­пары «Кәсіби мемлекеттік ап­парат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрия­лан­дыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қа­лыптастыру» секілді бөлім­дерден тұрады. Ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қа­дамы айқындалған. Бұл қадам­дардың бәрі де елімізде «Қазақ­стан – 2050» стратегиясын жүзеге асыруға, Қазақстанның мемле­кет­тілігін нығайтуға, жолдан адас­пауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қор дер едім. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» де­лінген бағдарламалық құжат­тың 1-қадамы – мемлекеттік қыз­метке қабылдау рәсімдерін жаң­ғыртуға арналған. Онда мемле­кеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. 2-қадамда «Тө­менгі лауазымдарға кандидаттар­ды реттеу және одан әрі лауа­зымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс» деген міндет қойылып отыр. 3-қадам туралы айтатын болсақ, мұнда «Қазақстан Республи­касының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің рөлін арттыру» мәселесі бойынша орындалуы тиіс міндеттер жан-жақты баян­далған. Ұлт жоспарының 4, 5, 6 және 7 қадамдарында мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылдану­шылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімін ендіру айтылады. Мем­лекеттік қызметкерлердің жала­қысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру, еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу және мемлекеттік қызметкерлер­дің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициент­терін қосу міндеттері бойынша нақты тапсырмалар жазылған.

Жемқорлыққа қарсы күрес те – Елбасы саясатының басым ба­ғыттарының бірі. Бұл мәселе Ұлт жоспарының 13-қадамында – жемқорлыққа қарсы күресті кү­шейту қадамында көрініс тапқан. Сонымен қатар Ұлт жоспарында Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау, Мемлекеттік қыз­мет туралы жаңа заң қабылдан­ғаннан кейін іс басындағы мемле­кеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу мәселелері сипатталған. Ұлт жоспарында сон­дай-ақ азаматтардың сот тө­релігіне қолжетімділігін жеңіл­дету үшін сот жүйесі инстанция­ларын оңтайландыру, судья лауа­зымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту міндеттері қойылған. Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқары­лып жатқаны белгілі. Осы орайда Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, судьялардың жаңа эти­калық кодексін жасау және т.б. мәселелер Ұлт Жоспарының қада­мында көрсетіліп отырғанын айта кеткеніміз жөн.

– Елбасы Н.Назарбаев қо­ғамды әлем деңгейіндегі асқақ мақсатқа ұмтылуға шақырып келеді. «Қазақстан – 2050» стра­тегиясы, «Нұрлы жол» жаңа эко­номикалық саясаты, 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспары, озық отыз елдің қатарына қосылу міндеті – мұның барлығы Мәң­гілік Ел болу жолындағы өзара сабақтас, жүйелі Қазақстанның мемлекет болып шығып, қоғам болып жетілу, ұлт болып есею жо­лында маңызды қадам жасау. Мемлекет пен қоғамға берері, келешекке әсері, жеке адамның өміріне жасайтын ық­палы тұр­ғысынан бұл тарихи қадам – қа­зіргі ұрпақтың тарихи миссиясы, оның келешек алдын­дағы жауап­кершілігі болуы керек.

Ақсұңқар Махметов

Абай аудандық әділет басқармасының басшысы

Дүйсенбі, 29 Маусым 2015 00:00

ЕЛБАСЫ САЯСАТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!

Автор

Жолдау жол нұсқайды

ЕЛБАСЫ САЯСАТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!

 

Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында маңызды салалар бойынша тапсырмалар жүктеп, алдағы міндеттерді айқындап берді. Еліміздің әлеуетінің артуы аймақтардың экономикалық дамуымен тығыз байланысты. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты ел дамуына елеулі ықпал етер жаңа саяси құжатта көптеген күрделі мәселелерге айрықша маңыз берілгені қуантады.

Бұл біздің мемлекетіміздің даму бағытын айқындайды және аймақтарды бір-бірімен байланыстырады. Маңызы зор осы құжатта Елбасы «Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деп нақтылады. Жолдау міндеттемелері аясында қаншама қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы жақсарады, халықтың тұрмыс деңгейі көтеріледі. Бұл мақсатқа 2015-2017 жылдар аралығында әр жыл сайын Ұлттық қордан 3 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлетін болады.

Сонымен қатар, аталмыш Жолдауда шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдауға да айырықша маңыз беріліп отыр. Яғни, бастысы - отбасылық кәсіпті сауатты жүргізу. Бұл тарапта Құндызды ауылдық округінде де жыл сайын әр отбасы жеке кәсіп жүргізудің, кәсіпкерлеріміз шағын және орта бизнес нысандарының пайдасын терең түсініп, тынбай еңбектенуді дағдыға айналдырып келеді. Мұны кәсіпкерлер санының өсуінен, салық төлемдерінің түсу көлемінен байқауға болады.

Рас, салықтан жалтару немесе өндіріс пен тауар көлемін төмендетуге тырысу да кездеспей тұрмайды. Сол себептен, мұндай көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жүзеге асып жатқан «Сатып ал да - ұтысқа қатыс» акциясына өз құқығы мен мүддесін қорғау кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында Құндызды ауылының тұрғындары да белсенді түрде ат салысуда.

Елбасымыз әр азаматқа, әр кәсіпкерге, әр мемлекеттік қызметкерге болашақ ұрпақ алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Осыны әрқайсымыз түсінуіміз қажет.

 

 

Дүйсенбек ҚОЙКЕЛДІҰЛЫ,

Құндызды ауылдық округі әкімі

аппаратының жетекші маманы

 

Бейсенбі, 04 Маусым 2015 00:00

Ел ертеңі үшін еңбек етейік

Автор

Жолдау жол нұсқайды!

Ел ертеңі үшін еңбек етейік

 

Мемлекет басшысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын арнап, қазіргі күні әлемді жайлаған дағдарыспен күресу жолдарын, экономикалық қиындықтардың алдын алып, оларға төтеп беру, туындаған мәселелерден оңтайлы шығу жолдарын түсіндірді.

Осы Жолдауында Елбасымыз елімізді өркендетудің жеті бағытын атап көрсетті. Оның бірі-жетінші бағытта Президентіміз: Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ендігі арада шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүние жүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет» деп көрсетіпті. Бұл сөз жоқ қазіргі уақытта Абай ауданының басты экономикалық бағыты мал шаруашылығы болып отырған кезде ауданымызда орта және шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жанды қолдау болары анық.

Елбасымыз өз жолдауында «Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламамыз жалғаса береді. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты-әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз» деп алдағы уақыттағы еліміздің даму бағытын айқындап берді.

Елбасымыз «Мен жастар-біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты» деп мемлекеттің жастарға әркез қолдау көрсететінін атап айтты. Яғни жастар тіршілігін қамтамасыз ету үшін жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеу, дене тәрбиесі, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен және баспанамен қамтылуын қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз.

Елбасы Жолдауында «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасының әл-ауқаты, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік-әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге үлкен сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпы халықтық жетістік» деген еді.

Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл болып тұр. Осы жылы біз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Ұлы Абайдың туғанына 170 жылдығын, Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтпекшіміз. Бұл қадам қазіргі елдің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын паш ететін маңызы зор айтулы даталар болып отыр.

Алдағы уақытта бәріміздің алдымызда тұрған шаруалар ауқымды. Еліміздің абыройын арттырып, ел игілігін көтеруде, Президентіміздің салиқалы саясатын, ұстанымдарын басшылыққа ала отырып аянбай еңбек етейік! Қарапайым ауылда отырған біз сияқты кәсіпкерлер әр қашанда Елбасы саясатын қолдаймыз! Оны жүзеге асыру бағытында жұмыс жасаймыз деп ойлаймын. Сондықтан да өзімнің әріптестеріме, замандастарыма еліміздің ертеңі үшін еңбек етейік дегім келеді.

 

Мұхтаров Дәулет

   Абай аудандық мәслихат депутаты

 

 

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!