Бейсенбі, 04 Маусым 2015 00:00

Ел ертеңі үшін еңбек етейік

Автор 
Бағалау
(0 Дауыс)

Жолдау жол нұсқайды!

Ел ертеңі үшін еңбек етейік

 

Мемлекет басшысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын арнап, қазіргі күні әлемді жайлаған дағдарыспен күресу жолдарын, экономикалық қиындықтардың алдын алып, оларға төтеп беру, туындаған мәселелерден оңтайлы шығу жолдарын түсіндірді.

Осы Жолдауында Елбасымыз елімізді өркендетудің жеті бағытын атап көрсетті. Оның бірі-жетінші бағытта Президентіміз: Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ендігі арада шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүние жүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет» деп көрсетіпті. Бұл сөз жоқ қазіргі уақытта Абай ауданының басты экономикалық бағыты мал шаруашылығы болып отырған кезде ауданымызда орта және шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жанды қолдау болары анық.

Елбасымыз өз жолдауында «Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламамыз жалғаса береді. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты-әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз» деп алдағы уақыттағы еліміздің даму бағытын айқындап берді.

Елбасымыз «Мен жастар-біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты» деп мемлекеттің жастарға әркез қолдау көрсететінін атап айтты. Яғни жастар тіршілігін қамтамасыз ету үшін жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеу, дене тәрбиесі, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен және баспанамен қамтылуын қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз.

Елбасы Жолдауында «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасының әл-ауқаты, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік-әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге үлкен сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпы халықтық жетістік» деген еді.

Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл болып тұр. Осы жылы біз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Ұлы Абайдың туғанына 170 жылдығын, Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтпекшіміз. Бұл қадам қазіргі елдің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын паш ететін маңызы зор айтулы даталар болып отыр.

Алдағы уақытта бәріміздің алдымызда тұрған шаруалар ауқымды. Еліміздің абыройын арттырып, ел игілігін көтеруде, Президентіміздің салиқалы саясатын, ұстанымдарын басшылыққа ала отырып аянбай еңбек етейік! Қарапайым ауылда отырған біз сияқты кәсіпкерлер әр қашанда Елбасы саясатын қолдаймыз! Оны жүзеге асыру бағытында жұмыс жасаймыз деп ойлаймын. Сондықтан да өзімнің әріптестеріме, замандастарыма еліміздің ертеңі үшін еңбек етейік дегім келеді.

 

Мұхтаров Дәулет

   Абай аудандық мәслихат депутаты

 

 

Оқылды 3120 рет
Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!