ЖОЛДАУ – САМҒАУ КЕПІЛІ

Автор 
ЖОЛДАУ – САМҒАУ КЕПІЛІ

                     ЖОЛДАУ – САМҒАУ КЕПІЛІ

 

Дүние дүрбелеңге толы. Алақандай жер бетінің о шеті мен бұл шетінен күнде бір дау-жанжал «бұрқ» ете түседі. «Қалталылардың» қақтығысы өрттей өршіп барады. Қаншама жазықсыз халық осы жанжалдың құрбаны болып жатыр. «Тәуекелге бармай тәубаға келейік, достастайық» дейтін алпауыт мемлекеттер жоқ. «Әлің жетсе, көріп ал!» деп, әлімжеттік танытады. От оранған туған жер, сүйікті отанын тастай қашып, жан сауғалаған босқындарды көргенде жанарыңа жас үйіріледі.

            Аллаға шүкір, біздің ел ниет-ықыласына қарай шығар, оттан да, оқтан да аман. Жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс мекендеген байтақ Қазақстанымыздың аспаны ашық, жері мен елі тыныш. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дейтіндей баянды да, бақытты ғұмыр кешудеміз. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығының арқасында, сындарлы, салиқалы саясатының нәтижесінде еліміз өркендеп, жеріміз гүлденіп жатыр.

            Бүкіл жер шарының қазақ деген халықты танып, білуі, оған сүйсіне де қызыға қарауы, көреген басшысын бағалауы біз үшін үлкен мәртебе, зор қуаныш. Америка, Қытай, Ресей, Италия, Бельгия, Германия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия сынды алпауыт елдердің Президенттері қазақ елінің басшысын құрметтеп, сыйлап, ақылын тыңдап, өзара ымыраға келіп жатқанда, төбеміз көкке жеткендей болады.

            Ендеше, біздің бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ. Сол бақытты басымыздан ұшырып алмауымыз керек. Бүкіл әлемде болып жатқан экономикалық қиыншылықтардың бізді де айналып өтуі мүмкін емес. Тапшылық, қымбатшылық сынды уақытша құбылыстардың болуы да ықтимал. Мұны Елбасымыз өзінің жақында ғана халқына арнаған Жолдауында бүкпесіз ашып айтты. Тегінде, қазақ – шыдамды халық. Ұрпақ қамын алыстан ойлайтын, ұрыс-жанжалды жаны сүймейтін бабаларымыз «Берекелі болса ел, жағасы жайлау ол бір көл» деген қиғиданы ешқашан естерінен шығарған емес.

            Елбасының жаңа Жолдауын көппен бірге мен де оқып шықтым. Сондағы ойға түйгенім - Жолдау талдау емес, тыңдау, самғау кепілі. Бұл Жолдау осыдан біраз бұрын алға қойылған «100 нақты қадамды» жүзеге асырудың нақты жолдары, «Мәңгілік ел болудың» мәнді жалғасы!

            Біз қарт адамдармыз. Бізге елдің болашағының береке-бірлекте болуы ауадай қажет. Шамамыз келгенше, ел үшін еңбек еттік. Сол елдің арқасында қадір-қасиетке ие болып, абырой, алғысын арқаладық. Сондағы біздің де мақсатымыз қазақ деген халықтың қалың ұрпағының келешегін келісті етіп, бақытын көру еді. Елбасы Жолдауының ең басты мақсат-мұраты да осы.

 

Хафиз МАТАЕВ,

Абай ауданының және Семей қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері.

 

Оқылды 4064 рет
Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар