Видео

}     

Абай елі жемқорлықтан ада аймақ

Жуырда облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен маңызды шара өтті. Атап айтсақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Шерубаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ғ.Досанов, Курчатов қаласының әкімі Н.Нұрғалиев және Абай ауданының әкімі Т.Мүсәпірбеков өлкемізді сыбайлас-жемқорлықтан ада аймақ деп жариялау жөнінде өзара меморандумға қол қойды. 

            ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облысымыздағы департаментінің басшысы Ғ.Досанов бастаған бір топ сала мамандары біраз бұрын Абай ауданында болып, екі ауылдық округтің халқымен кездесу өткізген-ді. Онда анықталғандай, бұл қоғамдық індет бойынша тұрғындардың ешқандай арыз-шағымы жоқ әрі заң талаптарынан да хабардар болып шықты.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілерге қолданылатын қылмыстық жауапкершіліктен бұрын оның алдын-алу, себептерімен күресу, профилактикалық жұмыстар жүргізуді мақсат еткен жаңа департаменттің құрылуы мемлекет дамуына жасаған жаңа қадамның бірі болып отыр.

            Президент елімізде көрсетілген мемлекеттік қызметті сапалы жүзеге асыруды, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмысын барынша жариялы жүргізуді, бюджет қаржысын бөлу ісіне қоғамдық ұйымдар өкілдерін көптеп тартуды, заңнамалардың бұзылуына жол бермеуін, сонымен бірге «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» орындауды қамтамасыз етуді нақты атап көрсеткен болатын.

            Меморандумға қол қою барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ғ.Досанов:

            - Абай ауданы - Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды біртуар алыптарымыз дүниеге келген, қазақ халқы үшін қасиетті мекен. Сондықтан осыған да мән бердік. Бұдан бөлек, соңғы жылдары аталған аймақтардың қоғамдық-саяси ахуалына жасалған талдаулардың нәтижесі сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің барынша төмен екендігін көрсетті. Бұл тарапта Абай елі үлгі етуге лайық, - деп атап өтті.

            Бұл берілген баға біздің ауданымыздағы Елбасы өзі атап көрсеткен жемқорлық фактілерінің алдын алудағы іргелі шараның өз мәнінде жүргізіліп жатқанын айғақтаса керек. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесуге және жемқорлық сипаттағы әрекеттерді анықтауға бағытталған меморандум талаптарын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар жоспарын қабылдау жүзеге аспақ.

 

 

Нұржан БАЙТӨС,

«Абай елі»

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!