Видео

}     

Астанада дәрі-дәрмектердің бағасын тұрақты ұстап тұруға қатысты меморандумға қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалық әкімдікте Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, отандық фармацевтикалық өндірушілер мен ҚР Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері әлеуметтік маңызды дәрілік препараттардың бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған меморандумға қол қойды, деп хабарлайды astana.kz.

«Меморандумға енгізілген 200 түрлі дәрі-дәрмек әлеуметтік маңызды болып табылады. Осылайша, біз қала тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, мемлекеттің халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетуге көңіл аударауы аса маңызды. Бұл құжат біз үшін, қаламыз үшін және жалпы, халық үшін өте маңызды», - деді Ермек Аманшаев.

Кездесуге қатысушылар тиісті меморандумға қол қою халық арасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қадам екендігін атап өтті. Сонымен қатар құжат дәрілік препараттарды рецептісіз өткізу мәселесін шешуге ықпал етеді.

«Бизнес өзінің әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетуінің маңыздылығын түсінеді. Біз жиі қолданылатын препараттардың бағасын жыл бойы тұрақты ұстау туралы меморандум жасау жөніндегі бастаманы қолдаймыз. Онда отандық өндірушілер, дистрибьюторлық сектор мен дәріханалар бірігеді», - деді Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елордада денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!