Видео

}     

Мемлекеттік бағдарламалар ауылға серпін беруде

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында кәсіпкерлік нысандары көбейіп келеді. Ауылдағы бизнестің дамуына «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2020» сияқты мемлекеттік бағдарламалар тың серпін беруде. Өткен жылы ауданда 309 миллион теңгенің 142 жобасы сәтті жүзеге асқан. Биыл да тың жобалар көп. Жанаргүл Төлежанова «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы туралы естігенде қандай жобаны қолға алсам деп көп толғанған. Нарықты зерттей келе аудан орталығында қоғамдық моншаның жоқ екенін ескеріп, осы нысанды тұрғызды. Қазір моншадан өзге сән орталығы, массаждың түр-түрі жасалатын арнайы бөлмесі де бар. 9 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жанаргүл Төлежанова, кәсіпкер: - Бағдарламаның ең бір үлкен көмегі мұның пайызы аз. Істеймін деп, алдына мақсат қойса бәріне жетеді екен, бәрін істеуге болады екен. Мен осы жерден қонақ үй салам ба деп отырмын. Барлығы бір жерде болса деймін. Өйткені қаладан келіп-кететін кісілер көп.Моншадан шыққан соң көбінесе жататын орын іздейді. Содан кейін киім тазартатын орын ашсам ба деп отырмын. «Елбасы осы бағдарламаның биыл да жалғасатынын айтқанда қуанып қалдық, өйткені қазір ауыл халқының өз кәсібін ашуға деген ынтасы жоғары», - дейді Жанаргүл. Мемлекеттің ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жасап жатқан қолдауын Қайрат Ибраев та тиімді пайдаланғысы келеді. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы бұрын бұл өңірде болмаған тың жобаны қолға алып отыр. Қайрат Ибраев, кәсіпкер: - Бұл жерде талапқа сай, 9 гектар жерге 500 орындық мейрамхана, қонақ үй, сауда үйі, кинотеатр, автокөлік базары болады. Жоба құны – 1 миллиард 350 миллион теңге. 3 жылда бітіреміз бе деп отырмыз. Бұл кешенде халықаралық сауда-саттыққа да зор көңіл бөлінбек. Көрші отырған Қытай мемлекетінен үйренеріміз көп, - дейді жергілікті кәсіпкерлер. Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

Ақпарат көзі: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/63949-serpin-berude

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!