Мажар мен қазақ бiр туған

Бiрақ мажарлар мен қазақтардың бiр атадан тараған ұрпақ екенiн ғылыми түрде дәлелдеу үшiн ұзақ уақыт қажет болды. Мажарстан ғалымы Андраш Биро осы жолда тынбай еңбектенiп, мажарлар мен қазақтардың туыстығын жiтi зерттеп, қанымыз бiр екенiн ғылыми түрде дәлелдедi. Ол мадияр руы кеңiнен тараған Торғай өңiрiн аралап, осы рудан тараған тұрғындарға генетикалық талдау жасаған. Көп ұзамай ғалымның еңбегi жемiсiн берiп, мажарлар мен қазақтардың қандас туыс екенi ғылыми түрде дәлелденiптi. Андраш Биро Қазақстанды өзiнiң екiншi мекенi санайды. Бiздi ерекше тамсандырғаны, елiмiзге бiрнеше мәрте ат басын бұрған ғалым қазақ тiлiн де меңгерiп алған. Биылғы жылдың жазында антрополог ғалым Мажарстанда халықаралық түрiк құрылтайын ұйымдастырыпты. Андраш Биро өткен аптада Қазақстанға келдi. Ғалыммен әңгiмелесудiң сәтi түсiп, одан жүргiзген зерттеуi жөнiнде егжей-тегжейлi сұраған едiк.

– Торғайдағы мадиярлар мен Мажарстандағы мадиярлардың қандас туыс екенiн қалай дәлелдедiңiз?

– Мажарстан ғалымдары Қазақстандағы Торғай аймағында ма­дияр руының бар екенiн 60-жылдары анықтады. Мажар ғалымдары Қазақстанға бiрнеше мәрте келiп, осы мадияр руын зерттеуге кiрiстi. Бiрақ мажарлардың шығу тегiн түркi елiмен байланыстыруға тоталитарлық режим кедергi келтiргендiктен, бұл жұмыстар тоқтап қалды. Оның үстiне мажар мен мадияр руының туыстығын дәлелдеу үшiн нақты дерек-дәйектер қажет едi.

 

Сөйтiп, Қазақстан ғылым академиясының академигi О.Смағұловпен бiрiгiп, Торғайдағы мадиярлардың мажарлармен байланысы бар-жоғын анықтауға бел будық. Мажарстандағы мадиярлар мен Торғайдағы мадияр-қазақтардың арасында туысқандық байланыс бар ма, әлде бұл тек қана этнонимдiк ұқсастық па? Осы сұраққа жауап iздедiк. Сонымен, ғылыми экспедицияға шығатын болып келiстiк. Бұл ғылыми экспедицияға бiр жыл дайындалдық. 2006 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданының тұрғындарына, дәлiрек айтқанда, мадияр руынан шыққан ер-азаматтарға антропологиялық зерттеулер жүргiздiк. Олардың ДНК-сын Мажарстанның 2-3 генетикалық зертханасында зерттедiк. Одан бөлек Мажарстанның сот-сараптамалық орталығы да талдау жасады. Ата-тек бойынша берiлетiн у-хромосомаға генетикалық талдау жасадық. Өйткенi бұл хромосомадағы ақпарат мыңдаған жыл бойы өзгермейдi. Зерттеу нәтижесiн 44 халықпен, оның iшiнде славян, корей, Орталық Азия, Еуропаның өзге де халықтарымен салыстырдық. Бастапқыда қазақ-мадиярлардың ДНК-сы өзге түрiк халықтарының ДНК-сына жақын болатын шығар деп ойладық. Алайда мадияр-қазақтар және мажарлар ең жақын туыс болып шықты. Бiр қызығы, Қазақстанның басқа өңiрлерiнде тұратын қазақтармен салыстырғанда Торғайдағы ма­диярлар мен Мажарстан мажарларының генетикалық нәтижесi өте жақын екен.

– Демек, бiздiң ата-бабаларымыз кезiнде бiр аумақты мекендеген туыс болды ғой?

– Иә, дәл солай. Ата-бабаларымыз бiр кезде туысқан бол­ған, бiр аумақты мекендеген, ал кейiннен бөлiнiп кеткен. Ендi бiз олар қай кезде және қай өңiрде өмiр сүрдi деген сұраққа жауап iздеп жүрмiз.

Торғай мадиярлары 350 жыл шамасында Торғай бассейнiнде тұрған. Генеологиялық аңыздар­ға сүйенсек, олар Қаратау, Оң­түс­тiк аймақтарда өмiр сүрген. Мiне, осы антропологиялық-генетикалық зерттеулер олар расымен де оңтүстiкте тұрғанын, сол халықтың антропологиясына жақын екенiн көрсеттi.

Жалпы, мадиярлар кезiнде үлкен аумақты мекендеп, көш­пелi халық болған. Кейiннен халықтың бiр бөлiгi Батысқа қарай қоныс аударса, бiр тобы сол­түстiк пен солтүстiк шығыста қалап қойған. Әлi де зерттеп, дәлелдейтiн жайттар көп. Бұған уақыт, сарабдал зерттеу керек. Сондықтан бүгiн қазақ мамандарымен байланыс жасап жатырмыз. Қазақ және мажар тарихының кейбiр ақтаңдақ тұстарын қайта жазу керек.

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар

Жазылу

Жаңалықты сізге жеткіземіз!
Скачать шаблоны Joomla бесплатно.
Создать личный сайт на Joomla!