Астана. 5 мамыр. Baq.kz - Шанхайда үлкен лауазымда қызмет істейтін шенеуніктердің өздерімен қоса туыстарына да бизнеспен айналысуға тыйым салынды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұл заң жақын уақытта бүкіл Қытай аумағына енгізілуі мүмкін.
Жаңа құжатқа сәйкес, қалалық департаменттердің, аудандық басқармалардың басшылары, судьялар өз жұбайлары мен балаларының табыстары туралы коммунистік партияның алдында есеп береді.
Айта кетейік, Қытай билігіне Си Цзиньпин келгелі елде жемқорлыққа қарсы ауқымды науқандар жүргізілуде.
