Болгарияның Варна қаласында аяқталған спорттық гимнастика әлем кубогының бесінші кезеңінде Қазақстан спортшысы күміс алды.
Шығыршық бойынша сынға түскен Әзізбек Қудыратуллаев екінші орынды иеленді. Ол іріктеуде 14.650 ұпай алып, француз Данни Родригестен (14,800) кейін екінші болды.
Ал финалда Кудыратуллаев 15, 067 ұпай алды. Қазақстан спортшысымен бірдей ұпай алған түрік Ибрахим Голак та күміс иеленді. Алтынды француз Данни Родригес еншіледі — 15.200.
Бұл Қазақстан гимнасшыларының биылғы маусымдағы алғашқы медалі.
