Видео

}     

Әлемді мойындатқан абайлықтар

Әлемді мойындатқан абайлықтар

Біздің елдің жастары...

Әлемді мойындатқан абайлықтар

Ұлылар елінің айбынын асқақтатып, әлемдік деңгейдегі спорттық додаларда атой салып жүрген жас спортшыларымыз- елдің мерейі, мақтанышы екені хақ. Сондай жас спортшыларымыздың бірі, сан мәрте облыстық, республикалық чемпионаттарының жүлдегері болған, кіші балуандар арасында «Қазақстанның Жас Барысы» титулының тұғырына көтерілген Қуан Барыстың есімін атар едік.

Бұған дейін де шашасына шаң жұқтырмай, қарсыласын тізе бүктіріп жеңіске жетіп жүрген Қуан жерлестерін тағы бір қуанышқа бөледі.Германияның Берлин қаласында дзюдодан 1998 - 1999 жылы туылған жасөспірімдер арасында Европа кубогы үшін өткен жарысқа Қазақстан құрама командасынан барған оның маңдайы жарқырап, халықаралық турнирде 66 кг салмақ дәрежесінде Барыс Қуан қола медальмен жүлделі қайтты. Әлемнің 35 мемлекетінен қатысқан бұл додада Қазақстан елінің, қалаберді аудан намысын асқақтатқан Қуан Барыстың бұл жеңісі спортшы жастарға үлгі болмақ.

Сондай-ақ тағы бір жағымды ақпарат спорттың бокс түрінен де орын алды. Азербайжанның Баку қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда жұдырық түйістіріп, бұл спорт түрі бойынша ерекше шеберлік танытты. Солардың бірі- ауданымыздың жас спортшысы Берікжанов Дарын. Қарсыластарын шақ келтірмеген жас спортшымыздың бұл жарыста бағы жанып, 3 – орынды бағындырғанынан бұл балғынның алар асулары алда екендігіне еш шүбә келтірмесіңіз анық. Жеңіс жалауын желбіретіп келген қос спортшыны ел атынан құттықтай отырып, алда да үлкен жеңістер тілейміз.

«Абай елі» ақпараты

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар