«Абай елінің» Әкелі-балалы қос жауынгерлері

Күндей күркіреп,аждаһардай аузын ашып келген,талай азаматтардың өмірін жалмаған екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанынада биыл жетпіс бір жыл өтседе сол кездегі 5-6 жастағы балаларға да сұм соғыс өшпес жара қалдырғаны бүгінде біздің есімізден кеткен емес. Ананы баладан, аруларды жарынан, апаны туған бауырдан айырып аңыратқан заман еді. Менің анам Шөкетай қызы Нұрсұлу бауырлары  Бексұлтан мен Серікбай Шөкетаевтарды да қан майданға аттандырып аңырап қалған еді. Серікбай  Бексұлтанның тұңғыш ұлы екен. Анамның айтуы бойынша, сол кезде Серікбай Қарауыл орта мектебінің 10-сынып оқушысы екен. Өз бетімен сұранып Отанын  қорғау үшін майданға аттанған екен. Бауырлары соғысқа аттанғаннан кейін Бексұлтанның жанұясын артта қалған жары және бес баласымен Аягөзде тұратын ағасы Бердібек көшіріп әкеткен еді. Бексұлтан мен Серікбайдан Қарауылға қара қағаз келген жоқ. Содан анам бауырларын тірі деп үміттенеді. Бексұлтан бауырым жуас еді,әлде  соғыс біткен соң  неміс қызына үйленіп сол елде қалдыма екен- деп, көз жұмған еді.Анам қайтыс болғаннан кейін «Боздақтар» атты кітабы шыға бастады. Сол кітабтан деректі оқыдым. Онда:

№1 Шөкетаев Бексұлтан қатардағы жауынгер. Абай ауданында 1908ж туған. 1943 ж 24 желтоқсанда қаза тапқан. Запарожье обл Белоозерск ауданында жерленген.

№2 Шөкетаев Серікбай сержант Абай ауданында 1923ж туған.1949 жылы 1-желтоқсанда қаза тапқан. Сталинград обл  Головск  Хуторында жерленген-деген деректер жазылған.

 Анамның тірілер қатарына қосып өзімен бірге ала кеткен арманын  естіп өскен мен Отан соғысының аяқталғанына «жетпіс бір» толған мерекесін көре  отырып,қалайша толғанбасқа!. Бексұлтанның өз кіндігінен туған бес баласы да өмірден өтіп кеткен. Немерелері аталары туралы тереңірек  білсін деп жазып отырмын және қасиетті «Абай елінен» басқа жерден әкелі-балалы майданға аттанған жауынгерлерді естімеппін.Соған қарағанда нағашым ерте үйленсе керек. Отан соғысына қатысқан әрбір жауынгерді батыр-деп, айтуға тұрарлық-деп есептеймін.

 Естелік жазушы:    Маруза Мұхаметқалиқызы

Мақаланы бөлісу

Пікір қалдыру үшін тіркелу

Біз туралы

Бас редактор: Байтусов Нуржан Мейзханович   

Тілшілер:  Сарсенбина Анар Қабдуалиқызы

Тілшілер: Рақымбекқызы Тоғжан 

Компьютерде теруші: Дукенбаева Баян 

 

 

Сайт материалдарымызды пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Соңғы жаңалықтар